Қызылордалық спортшы мәнерлеп сырғанаудан халықаралық додада жеңіс тұғырынан көрінді

Қызылордалық Элизабет Тұрсынбаева еркін бағдарламада үздік нәтиже көрсетіп, қорытындысында 164.79 баллмен  күміс жүлдеге ие болды, - деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен. 

Айта кетейік, Элизабет қыркүйек айында Жапонияда өткен Гран-при додасының төртінші кезеңінде 3-орынды иеленген болатын.


Енді Элизабет 14-19 қазанда Ниццада болатын халықаралық жарысқа қатысуды көздеп отыр.