Қызылордалық тоғызқұмалақшылар Федерация Кубогында екінші орын алды

Жарысқа 14 жасқа дейінгі, 14-16, 18-40 жастар аралығындағы және 40 жастан жоғары спортшылар қатысты. Ойын швейцар жүйесінде өткізілді. Сайыс қорытындысында бірінші орынға Ақтөбе облысының командасы көтерілсе, жүледегерлер үштігін Қостанай облысы құрамасы тиянақтады.

Қызылордалықтар арасында Биғали Зікіряев (14 жасқа дейінгі, №2 ОМБЖОРМ), Айдана Жамал (14 жасқа дейінгі, №2 ОМБЖОРМ) және Марат Рахметов (40 жастан жоғары, Жалағаш ауданы) бірінші орынға табан тіреді, ал Фарида Әуесбаева (18 жастан жоғары, №2 ОМБЖОРМ) өз тобында үшінші болды.

Спортшыларды жарысқа ҚР-на еңбегі сіңген жаттықтырушы, облыстың аға жаттықтырушысы Еркетай Иманбаев пен жаттықтырушы Ақторғын Қошқарова дайындады.