Қызылорда облысының спортшылары осы додада 6 медаль иеленді. Атап айтқанда, өз қатарлары арасында 10 жасар Ақерке Кенжебекова (Сырдария ауданы) классика мен блиц жүйесі бойынша, 12 жасар Жамал Ермекбай (Қызылорда) классика бойынша - бірінші, 12 жастағы Шерхан Бітімбай (Қызылорда) классикадан - екінші, 14 жасар Айдана Жамал (Қызылорда) классикадан, 12 жасар Рауан Ибраев (Қызылорда) пен 10 жасар Айжан Райхан (Жалағаш ауданы) блицтен үшінші орындарды жеңіп алды.