Бұл дүбірлі додада Жалағаш ауданының өкілі Жақсыбек Жеңісбек 50 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп, ақтық белдесуде Ресей спортшысын жеңді. Ж.Баһадүр атындағы спортта дарынды балаларға арналған мектеп интернаттың түлегі Бауыржан Жауынтаев 55 келіде қола жүлдегер атанды.
Спортшыларды жарысқа Арман Молдаханов пен Қален Қалиұлы дайындады.
Енді олар 17-21 қыркүйек аралығында Тайпей қаласында өтетін Азия чемпионатына қатысады.