7 күнге созылған жарысқа 14 команданың құрамында 450-ге жуық атлет қатысты. Солардың ішінде 1989-1991 жылдары туған жастар арасында қызылордалық Нұржан Уәлиев ұзындыққа секіруден 3-орынды еншіледі.
1994-1995 жылдары туған жасөспірімдер арасында Максим Панов (№2 орта мектеп) 400 метр қашықтыққа жүгіруден екінші, Әміржан Елубаев («Қабілет» мектебі) үшінші орындарға ие болды.
Қыздар арасында Назерке Өмірғалиева (№140 орта мектеп) 60 метрге жүгіруден үшінші, ал 100 метр қашықтықта екінші орынды иеленді.
Спортшыларды жарысқа дайындаған облыстық балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған жеңіл атлетика спорт мектебінің жаттықтырушылары: Наталья Лептикова, Владимир Лептиков және Руслан Омаров.