Қызылордалық қаскүнем зейнеткердің аңғалдығын пайдаланып, интернет-банкинг арқылы оның ақшасын өз шотына аударып алған, деп хабарлайды Caravan.kz порталы,Polisia.kz - ке сілтеме жасап.
Мәлімет бойынша, Қызылорда қалалық Полиция басқармасына 65 жастағы қала тұрғыны арызданды.
Ол өз арызында көршісі - 27 жастағы азаматтың өз аңғалдығын пайдаланып, интернет-банкинг арқылы өзінің есепшотына 304 000 теңге қаражатын аударып алғанын айтқан. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.
Қызылорда қаласының Полиция басқармасы қала тұрғындарынан қырағы және сақ болуды сұрайды.