деп жазады облыстық «Кызылординские вести» газетінде.
Мерекелік концертте белгілі қазақстандық ақындар мен композиторлар - К. Дүйсекеев, Р. Тайманова, Б. Тәжібаевалардың патриоттық әндері шырқалды.
Көрермендер сахнада алғаш орындалған «Илья - чемпион» жаңа әнін ерекше ықыласпен қабылдады. Оның авторлары - белгілі қызылордалық композитор Алтын Бекенова мен ақын Махмұтбай Әміреұлы. Баян Бектұрған, Алмас Қожахметов және Бақытжан Найманов үштігі ән орындады.
«ИЛЬЯ ЧЕМПИОН»
Жаралған жаның ерліктен,
Қаһармандықтан, өрліктен.
Жеңіске жеттің тағы да,
Алаңдап көптен ел күткен.
Қайырмасы:
Илья, асыл ұланым,
Самғаған биік қыраным.
Көтердің елдің тағы да,
Байрағын, әнін, ұранын!
Қос дүркін алтын алдырдың,
Қос дүркін тауды тауға ұрдың.
Көтеріп жеңіс тұғырын,
Қол жетпес көкте қалдырдың.
Илья Ильин - тау тұлға,
Қалдың сол таудай қалпыңда.
Таңдаңттың тағы әлемді,
Асырдың Сырдың даңқын да.
Шаттық та шалқып, тасуда,
Ұланым Жеңіс басында.
Мерейің өсіп, ұлы елім,
Жарқыра жаңа ғасырда.
Илья - золотой чемпион,
Подарил много радости.
Синий флаг гордо в небо взмья,
Илья по правду победил!
Илья Ильин - алыбым,
Толағай болған тау ұлым.
Жарқырап жанған жұлдызым,
Жаһанға жайған жарығын.