Қызылордалықтар «Қазақстанның Еңбек Ері» Абзал Ерәлиевті әуежайда күтіп алды


Сыр жұртшылығы еңбегі елеулі азаматты гүл шоқтарымен және шашумен күтіп алды. Осынау қуанышына ортақтасқан жерлестері ақжарылқап тілектерін айтып жатты. Айтыскер ақын Мұхтар Ниязов жыр жолдарын арнаса, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілбек Шаухаманов лебізін жеткізіп, батасын берді. Одан кейін журналистерге сұхбат берген Абзал Ералиев еңбек елдікі екенін еске салды. Айта кетейік, мемлекеттік награда белгілі кәсіпкерге Қазақстанның әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері, белсенді қоғамдық қызметі үшін берілген болатын. Ол басқаратын компания бүгінде күріш өнімділігі жөнінен Қызылорда облысында көш бастап тұр.