Облыс орталығындағы Ақмешіт және Мерей деп аталатын екі ықшам ауданның тұрғындары Құмкөл кенішінен шыққан табиғи газбен қамтамасыз етілді. Ықшам аудандарда 4 мың пәтері бар 52 көп қабатты үйлер орналасқан. Ілеспелі газдың бір текше метрінің бағасы 6 теңгеге бағалынып отыр. Бұл - тасымалы газдың бағасынан бірнеше есе арзан.
Биыл Қызылорданы көгілдір отынмен қамтамасыз ету жобасының шеңберінде жылу көздерін де ілеспе газға көшіру көзделген. Н.Шаухамановтың айтуынша, нәтижесінде қаладағы тұрғын үйдің әрбір шаршы метрі үшін жылу құны 100 теңгеден асып жығылатын әлеуметтік тауқыметті шешуге мүмкіндік тумақшы.
Бүгінгі таңда көгілдір отын Құмкөл-Қызылорда бағытындағы құбырмен уақытша тасымалдануда.