Қызылорданы су тасқыны айналып өтті

"13 наурызда 2 сағат 30 минутта Бірқазан ауылы маңында мұз бөгеліп тұрып қалды. Оларды жару алдында 150 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Қазір ол жерде бөгендерді қалпына келтіру жұмыстары жасалуда. Адамдар өздерінің үйлеріне қайтып жатыр", - деп мәлімдеді оқиға орнына барып қайтқан аймақ басшысы.

Әкім хабарлағанындай, кешеден бастап қала маңында жарылыс жұмыстары жасалып, 19 жарылыс саяжайлар тұрған учаскелерінде жүзеге асырылды. ПМК-29" және "Сантехник" саяжай учаскелерінің тұрғындары көшірілді. "Түнде Талсуат, ДСК, Пищевик ауылдары маңында бөгеліп қалған мұздар жарылды. Бүгін таңертең Сырдария аймағында мұз көшкіні жүріп жатқандығы байқалады.

Екі аудан мен облыс орталығы бойынша өткен мұз көшкіні кезінде зардап шеккендер болмады ", -деп атап өтті М. Құл-Мұхаммед.

" 14 наурызда Шардара су қоймасына ағылып жатқан су көлемі секундына 1072 текше метрді құрады. Су қоймасын толтырып жатқан су көлемі 5 млрд 59 текше метрге жетті. Сырдария сағасына тасталып жатқан су секундына 550 текше метрді құрады", - деп хабарлады журналистерге облыс әкімі.

Әкім хабарлағанындай, аймақтың магистралды арналарына су бұрылып жатыр. Облыстың ТЖ комиссиясының шешімімен Қызылорда облысында жоғары дайындық режимі енгізілген. Жергілікті 252 құрылымның 2 мың 58 адам құрамасымен қатар су тасқына шараларына ҚР ТЖМ бөлімшелері және "Югвзрывпром"АҚ 300 адамы мен 99 техникасы жұмылдырылды. Оларға ҚР ТЖМ департамент бастығы генерал-майор Диханбек Сатылғанов жетекшілік жасап отыр. Бұл отрядтар мұз көшкіні бағытымен Арал ауданындағы Қаратерең ауылына дейін барады.