Қала әкімшілігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, "нан, тұз, қат, сары май және өсімдік майларын сату мәселелері бойынша келісімге қол жеткізілген". Келісім шарттары бойынша, аталған өнімдерге қосымша қосылатын баға: нан, қант және ұнға - 5 теңгеден қымбат емес, ал тұзға 2 теңге, сары және өсімдік майларына - 20 теңгеден артық емес.
Кәсіпкерлер тарапынан меморандумға Қызылорданың 24 сауда үйі мен ең ірі дүкендері қол қойған.
Жергілікті билік өкілдері, меморандум азық-түлік нарығындағы бағаны тұрақтандырады және қаланың сауда желілеріндегі "жайсыздықтарды" жояды, деген үмітте.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті