Қызылорданың «Қайсары» екінші кезеңнің ойынын сырт алаңда жеңіспен бастады

Кездесудің бірінші жартысында ойыншылардың қаншама ұмтылғандарына қарамастан, есеп ашылмады. Ал екінші таймда қонақтар алаңда үстемдік етті. Соның нәтижесінде қызылордалық Стахив және Головешкин 61 және 76 минуттарда алаң иелерінің қақпасына гол соғып, жеңістің ауылын жақындата түсті.

Осы жеңісінен кейін қызылордалықтар турнир кестесіндегі ең соңғы орыннан 10-орынға көтерілді. Ал команданың бас жаттықтырушысы Альгимантас Любинскас алда әлі осындай 9 аса ауыр да тартысты ойындардың тұрғанын айтып, өз шәкірттерінің сол матчтарда барын салатындарын жеткізді. Бұған команданың екі аралықтағы үзіліс кезінде жаңа, қабілетті ойыншылармен толыққаны оң әсер етсе керек.