Қызылорданың «Қайсары» Түркияда Мәскеудің «Спартагымен» тең ойнады

1:1 есебімен тең ойнады. Бұл туралы қызылордалық ұжымның баспасөз хатшысы Сергей Неудачин хабарлады.

Сыр бойының футболшылары матчта өздерінің жоғары шеберліктерін танытты. Соның нәтижесінде ресейлік атақты клубтан қалыса қоймады. Атағы жер жарған командамен тең дәрежелі ойын көрсеткен қайсарлықтар мәскеулік Андрей Святов салған голға Жасұлан Молдақараевтың добымен есе қайтарды.

Команда оқу-жаттығу жиыны барысында тағы да бірқатар белгілі ұжымдармен жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отыр.