Қызылорданың «Қайсары» Түркияның екінші топтағы командасынан ұтылып қалды

Бұл туралы клубтың баспасөз хатшысы Сергей Неудачин хабарлады.

Литван маманы Альгирдас Любинскастың қарауындағы команданың бұл ұтылысына сынақта жүрген барлық ойыншыларды кезектестіріп алаңға шығарған себеп болған сияқты. Бір-бірінің тілін тауып үлгермеген, әр жерден жиналған ойыншыларда түсінбестік көп орын алған. Екі доп т қорғаушылар мен қақпашының қателігінен соғылған.