Осы кезге дейін клуб тізгінін ұстау мүмкіндігі бар талай маманның аты-жөндері аталды. Бірақ олардың бірде-бірі мұнда келе қойған жоқ. Ақыр соңында бұл олқылықтың орнын белгілі литва маманы толтырды. Ол - Альгимантас Любинскас. 1951 жылы туған. КСРО спорт шебері, КСРО-ға еңбегі сіңген жаттықтырушы. Альгимантас Ионович ойыншы кезінде 1973-1974 жылдары Вильнюс «Жальгирисінің» қорғаныс шебінде ойнаған. Ал 1983-1985 жылдары бас жаттықтырушы ретінде осы команданы жаттықтырған. Ол команданы 1983 жылы КСРО біріншілігі жоғары лигасында 5 орынға шығарды. Бұдан кейін бірқатар шет елдерде жаттықтырушы болып қызмет етті.