деп хабарлайды клубтың баспасөз хатшысы Сергей Нецдачин.
Қызылордалық команданың бас жаттықтырушысы болып Сергей Когай белгіленді. Бұған дейін команданы жаттықтырып келген литван маманы Альгимантас Любинскас өз еркімен ұжымнан кетті. Ал Сергей Владимирович Когай - Қызылорда футбол мектебінің түлегі. Ол өзінің футболшылық мансабының басым бөлігін жергілікті «Мелиоратор» және «Қайсар» атанған командаға арнады. Ол командадағы ең үздік мерген атанды. Қызылордадан кейін Калиниградтың «Балтикасы» мен Алматының «Қайратында» ойнады. Кейінгі кезде Түркістан, Тараз және Шымкент командаларының құрамында болды.
Осы қызметіне дейін Сергей Когай Шымкенттің «Ордабасы» командасының қосалқы құрамын жаттықтырды.