Қызылорда-Павлодар тас жолында болған жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Дулат Әбубаевтің айтуынша, "жүргізілген тергеу шараларына сәйкес, "Фольксваген" шағын автобусы жүргізушінің кінәсінен аударылғандығы дәлелденді, бірақ ол қайтыс болды". "Басқа лауазымды тұлғалардың - мектеп директорының, әскери жетекшінің және аудан басшылығының жауапкершілігі туралы мәселе - қылмыстық іс аясында шешілетін болады",- деп қосты ол.

Оның айтынша, қазіргі уақытта зардап шегушілердің ахуалдары бұрынғыдай, дәрігерлер үш жасөспірімнің өмірінен қауіптеніп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, дүйсенбі күні кешке Қызылорда - Павлодар тас жолының 620-шы шақырымында жүргізуші жолаушылар тасымалдайтын "Фольксваген" автобусын аударып алған болатын. Жол апаты салдарынан жүргізуші мен екі жасөспірім жолаушы жарақат салдарынан оқиға орнында жан тапсырды. Тағы он жолаушы, соның ішінде 16 жасар тоғыз жасөспірім түрлі жарақаттармен Жайрем ауылының, Жезқазған мен Қарағандының ауруханаларына жеткізілген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті