«Қызылорда-Павлодар» жолында автобус аударылып, 7 адам зардап шекті


Автобуста 20 адам болған, олардың 18-і жолаушы, 2-еуі жүргізуші. Оқиға орнына «Қалқаман кенті Жол медициналық-құқтару пункті» ММ өкілдері келді. Күтпеген төтенше жағдайдың туындауына байланысты және автобусты көтеруге көмек көрсету үшін оқиға орнына өрт сөндіру, авариялық құтқару «103» қызметі келді.
Барлық жолаушыларға алғашқы көмек көрсетілді. Зардап шеккен 7 адам түрлі жарақаттармен Екібастұз ауруханасына жеткізілді. Қалған жолаушыларды да дәрігерлердің тексеруінен өтті.
Сағат 05.33 минутта жолаушылар Павлодар қаласына бара жатқан көлікке мінгізілді. Құрбандар жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.