"Қызылқия" кенішінде төтенше жағдайдың зардабын жою жұмыстары жалғасуда

Министрліктің хабарлауынша, кеше, 31-наурызда "Ақберен" РМКК-ның Қызылорда қалалық филиалының шұғыл тобы мен "ПККР"АҚ-ның мамандары ұңғының ішіне цементтеуші сұйықтықты айдады. Газды-ауалы қоспа ағыны сәл саябырсығанымен, 9-10 минуттан кейін қайтадан атқылай бастаған.

Апат зардаптарын жоюға ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің "Ақберен" РМКК-ның шұғыл тобына жататын 14 адам мен 4 техника жұмылдырылды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, орталық тиектің сынуы салдарынан 29-наурызда ұңғыдан мұнай атқылай бастаған болатын.