«Қызылжар» бекеті қызметкерлері қомақты мөлшерде есірткі тәркіледі

Елорда ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, есірткі дүйсенбі күні «Тойота» көлігін тоқтатып тексеру барысында табылды. Ол көліктегі 23 жастағы жолаушыға тиесілі болып шықты.

Қарағанды облысында тұратын жас жігіт салмағы 1 келіден астам героинді шалбарының ішіне тығып келе жатқан көрінеді.

Қазір қалалық Есірткі бизнесімен қарсы күрес басқармасы есірткі тасымалдау каналдарын анықтау мақсатында арнайы жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, күдіктінің елорда аумағында жасалған есірткі қылмыстарына қатысы бар-жоғы анықталуда.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті оқшаулағышқа тоғытылды.