Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің интернет-ресурсы хабарлады.
Облыста қазiр ерекше қажеттiлiктерi бар 4593 бала бар, оның iшiнде 1471-i мүгедек. Қазiр мектептерде инклюзивтi бiлiм беру жүйесi бойынша 1784 бала оқып жатыр. Балабабақшалар мен шағын орталықтарға 500-ге жуық бала барып жүр. Орталықтың басты мақсаты — инклюзивтi бiлiм берудiң теориясы мен тәжiрибесiн бiрiктiре отыра, әр деңгейде үздiксiз сапалы бiлiм берудi қалыптастыру болып табылады.
Өңiр басшысы Құмар Ақсақалов бұл бастаманы қолдады.
«Ерекше қажеттiлiктерi бар балаларға арналған ресурстық орталығын ашу өте орынды ұсыныс. Бiз қолдауға дайынбыз», — дедi Құмар Ақсақалов.
Инклюзивтi бiлiм беру — ерекше бiлiм беру қажеттiлiктерiн және жеке мүмкiндiктерiн ескере отырып, барлық бiлiм алушылардың бiлiмге тең қол жеткiзуiн қамтамасыз ететiн үдерiс. Мемлекет инклюзивтi бiлiм берудiң мақсатын iске асыра отырып, бiлiм берудiң барлық деңгейiнде даму мүмкiндiктерi шектеулi азаматтарға олардың бiлiм алуына, дамуындағы ауытқуды түзетуiне және әлеуметтiк бейiмделуiне арнайы жағдайлар жасауды қамтамасыз етедi. Инклюзивтi бiлiм беру әр балаға оның мұқтаждығына және басқа мән-жайларға байланыссыз, өз әлеуетiн және бiлiм алуға құқығын iске асыруға мүмкiндiк бередi.