Қызылжарда ондаған үйді су басу қаупі төнді

Полицейлер, әрине, қолдарына күрек алып жүрген жоқ. Олар маңайындағы қарды шығарудан жалтарып жүрген кәсіпкерлерге ескерту жасауда. Бағынбағандар айыппұл төлейтін болады.

Жомарт Абылаев, Петропавл қалалық ІІБ бастығының орынбасары:

-Биыл қар көп түскендіктен жұмыстың аумағы көп болып тұр. Көп жерлерде қарды шығарып жатыр, өздеріңіз көріп тұрғандай.

Биыл жауған қардың мөлшері өткен жылғыдан екі есе көп. Оның үстіне былтырғы тасқын халықтың әлі есінде. Қызыл су лап қойғанда бір ауылдың тұрғындары толығымен көшірілсе, шаһар шетіндегі ықшамаудандармен байланыс үзілген болатын. Ал биыл жағдай тіпті ушығатын түрі бар.

Евгений Журавлев, СҚО ТЖД баспасөз хатшысы:

-Қазір өңірдің су қоймалары былтырғы тасқынның салдарынан лық толы. Оның үстіне күн күрт жылып, қар тез ериді деген хабар бар. Соған төтеп беру үшін қызу дайындалып жатырмыз.

Қазір тасқынға қарсы құрылған арнайы штабтың қарамағында мыңға жуық техника бар. Мамандар Қызылжарға қызыл су сәуірдің басында келеді деп болжап отыр. 

Loading...