Қызылжарда жолды қыз-келіншектер де реттейді

Көше қиылыстарына бірінші рет 10 нәзік жанды шығып жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жол көрсетті. Бұл Қазақстан полициясының 25 жылдығына арналған шара. Бұрымды тәртіп сақшылары жол реттеу ережесін 1 ай бойы үйреніп, өздеріне жүктелген міндетті мінсіз орындады, деп хабарлайды "Хабар-24".

– Бірінші рет өткізіліп жатыр біздің облыста. Әйел адам қиылыста жол қозғалысын көрсетуде. Сондықтан жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер тарапынан қызығушылық танытуда. Бізге қолдарын былғап, күліп өтеді, - дейді қалалық ІІБ ЖППБ аға инспекторы Баян Байғаскина.