"Қызым тұрмысқа кететін болса, өліп қалатын шығармын”: Тоқтар Серіков қызды болудан қорқатынын айтты

Бұл туралы Stan.kz “Алматы” арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Сұхбат барысында Серіков қызды болудан қорқып жүргенін айтты.

“Әйелім мені қыз табайын деп жатырмын, деп қорқытып қояды”, – деп ағынан жарылған Тоқтар мұның себебін түсіндірді.

“Өліп қалатын шығармын. Менің жүрегім нашар. Қызды мен жек көрмеймін, өте жақсы көремін. Бірақ достарым бар, қыздарын жылап шығарып салып тұрғанын көргенде шыдай алмаймын.

Тағдыр ғой. Мен өз қарындастарым тұрмысқа шыққан кезде білдірмеуге тырысамын, бірақ жүрегім жарылып жатады. Ал енді қызым кететін болса, құрыдым дей бер”, – дейді Серіков.