"Қызымның күйеуі башқұрт": Ресейдегі орыстанған қазақтар қалай өмір сүріп жатыр

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Октябрьская искра газетіне  сілтеме жасап хабарлайды.

Сатыбалды Аймұхаметұлы мен Күнжамал Жаңайбайқызының отау құрғандарына 61 жыл болған. Олардың бір-біріне деген сыйластықтары өте жақсы болып, махаббатпен өмір кешкен. Сатыбалды ата Күнжамал апаны "Жұлдызым" деп еркелетеді. Қариялар жас күндерінде ата-аналарының таныстыруымен үйленген. Қазақы салт-дәстүрді ұстанып, құда түсіп алғын. Олардың үш баласы бар. 

Әскерге шақырту алған Сатыбалдының құжаттарында кемшіліктер болып, тек 23 жасында әскери борышын өтейді. Жас отбасы үш жылға жуық бір-бірінен жырақта болып, кейіннен әскерден оралған соң, аяққа тұрады. Сатыбалды - механизатор, Күнжамал - сауыншы болып жұмыс істейді.  

65 жылы үлкен ұлы Ербай, 69 жылы Ерболат, 75 жылы Анна есімді қыздары дүниеге келеді. 


- Ұлдарымның әйелдері қазақ. Біз, мәжбүрлеген жоқпыз, өздерінің таңдаулары. Ал, қызымның күйеуі - башқұрт. Әйелім екеуміз қазақша білеміз. Арасында қазақша да сөйлесеміз. Бірақ, көбінде орыс тілінде сөйлесеміз. Балаларымыз қазақ тілін мүлдем білмейді. Салт-дәстүрді барынша ұстануға тырысамыз. Наурыз мерекесін тойлаймыз.Ал жалпы біз қазақтардың да, орыстардың да мерекелерін атап өтеміз. Біз осында туып, өмір бойы Ресейде өмір сүріп келеміз",- деді Сатыбалды ақсақал.