Қызының Олимпиадаға баруы үшін ата-анасы сиырларын сатып жіберді


24 жастағы спортшы  NBC-ге берген сұхбатында жаттығу жиындарына ақша төлеу үшін ата-анасы   Айдахо штатының  Санни-Валли фермасындағы барлық сиырын саудалағанын айтты.

Фэррингтон Олимпиада ойындарына алғаш рет қатысқалы тұр. Спортшы 2008 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері,  Парк-Ситидегі (АҚШ) әлем кубогында қола еншілеген, АҚШ  Гран-приі жалпы есебінің жеңімпазы. 2013 жылғы әлем чемпионатында ол 4 орыннан көрінген.  Хафпайп бойынша сынға түседі, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.