Өскемен қаласының № 2 соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, іс материалдарына сәйкес, Глубоков АІІБ учаскелік инспекторы қызметін атқарған, Е.Болысовтың қызының жігіті болған А.Мүжібаев одан тәртіп комиссиясының өзіне қатысты қызметтен босату туралы шешім қабылдауына байланысты қызмет орнында қалуға көмектесу өтінішін білдірген. Е.Болысов танысы Ш.Тәшенов арқылы көмектесуге келісті. Құқық қорғаушылар Е.Болысовты оның ақша берген сәтінде ұстады.
Е.Болысов сот шешімен ҚР ҚК-нің 367 бабының 2 бөлімі, 28 бабының 4 бөлімімен (мемлекетік қызметті орындайтын өкілетті тұлғаға немесе оған теңестірілген тұлғаға пара беру, пара беруге арандатушылық) қарастырылған қылмысты жасауда айыпты деп танылды. Оған 19 486 500 теңге көлемінде айыппұл салынып, өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.