Р. Әміренов, М.Искандиров және Б.Князевке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасын экономикалық дамытудағы және өндірістік қызметтегі аса үздік жетістіктері үшін:

жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі - «Қазақстанның Еңбек Ері»

атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі -  Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын
 

Әміренов Рышат Бабайұлы

-

«Еуроазиаттық энергетикалық  корпорациясы» АҚ «Восточный» разрезінің механигі, Павлодар облысының Екібастұз қаласы

Искандиров Мұқаш Зұлқарнайұлы


-

«Қазфосфат» ЖШС бас директоры, Тараз қаласы

Князев Борис Павлович

-

«Алтынсарино» ЖШС директоры, Қостанай облысының Қамысты ауданы.

        2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Назарбаев       

Астана, Ақорда, 2015 жылғы 3 желтоқсан

                 № 124