Радиациядан зардап шеккен үржарлық балалар мен ата-аналары Еуропарламент төрағасы Е.Бузекпен кездеседі

Олар Еуропарламент төрағасы Ежи Бузекпен кездеседі. Бұл туралы қазақстандық журналистерге депутат С.Стивенсон хабарлады.

Депутаттың айтуынша, балалар радиациядан қатты зардап шеккен және генетикалық проблемалары бар, себебі олардың ата-аналары Семей полигонына жақын маңда тұрған.

«Олар ата-аналарымен және өздері баратын мүгедек балаларға арналған мектептегі мұғалімдерімен бірге келеді. Сапар барысында Брюссельде Еуропарламент депутаты Е.Бузекпен кездесу ұйымдастыру жоспарлануда. Бұл сапар Еуропарламент басшылығының және жалпы Еуропаның ядролық сынақ құрбандарының және сол зұлматтан зардап шеккендердің проблемаларына бей-жай еместігін көрсетеді», дейді С.Стивенсон.