Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Естеріңізде болса, күні кеше Мақпал Жүнісова Баян Алагөзовамен кездескенін желідегі парақшасында жүктеген еді. Продюсер әншіні жылы қарсы алып, "ол туралы мемуар жазу керек" деген ұсыныс айтқан болатын.
Әнші продюсермен не себепті кездескенін түсіндірді.
"Баянжанның жаңа студиясына барып, рахаттанып қайттым, студияда бәрі әдемі, өте таза екен,шәй ішіп,біраз әңгімелесіп қайттым", - деп жазды ол.
Желі қолданушылары қос аңызға жылы тілектерін жазып жатыр.
"Сіз туралы мемуар жазу керек деп ұсыныс айткан Баян ханым енді соны қолға алса нұр үстіне нұр болар еді", "Макпал апай сіздің қадіріңізге жететін нағыз тұлға Баян хош көрдік. Алланын ерекше жаратқан жандарын бірге", "Екі жұлдыз!", - деп жазып жатыр оқырмандар.