Көпшілік жұлдызды жұп Раим мен Ерке Есмахан көп ұзамай ата-ана атанады деп болжаған, деп хабарлайды Caravan.kz.
Әншінің іші шығып тұрып, тойда ән салған сәті желіде тарады. Оқырмандар оны көп ұзамай екінші мәрте ана атанады деп топшылаған. Ал жазба иесі:
«Ерке өнер көрсеткен шаралардың бірінде жанкүйерлері жұлдыздың дөңгеленген ішін байқап, оның жүктілігіне күдіктенген. Әншінің өзі бұл ақпаратты әлі растаған жоқ», - деп жазған.
Десе көпшілік әншіге қолдау көрсетіп, тағы бір мәрте ана атануын тілеген.
«Көтерсе байы бар, несіне шулайсыңдар?», «Екеуі де әп-әдемі жұп болып жүр ғой, балалы болсын онда да» деп жазды олар.