Райымбек Баталов елімізге рулі оң жақтағы автокөліктерді әкелуге тыйым салу мерзімін қайта қарау керек деп санайды

"Оң рульге келер болсақ, мәселенің қойылғаны дұрыс-ақ. Алайда оаның жүзеге асуы үшін білгілі уақыт пен екі жаққа да тиімды шарттар қарастырған жөн. Жолдағы қозғалыс қауіпсіздігі - күрделі мәселе",- деп атап өтті ол.

"Ал берілген мерзімге келер болсақ, оны сәл ұзартқан дұрыс деп ойлаймын",-дейді Р.Баталов.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстанда оң рульды автомашиналарды әкелуге тыйым салу және қолданыстан мүлде шығару туралы қарашаның 13-інде республиканың Қауіпсіздік кеңесінің мәжілісінде жарияланған болатын.

Қазақстан үкіметі 2007 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап оң рульды машиналарды әкелуге тыйым салу және 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданыстан мүлдем шығару туралы қаулының жобасын дайындап үлгерген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті