Бұл туралы ол Instagram-дағы stories-да жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Журналистің оқырманы оған “Райм мен Ерке жолын көрмедік пе?”, - деп сұрақ қойды.
Әйгерім Есенәлі оқырманына
”Осы тенденциядан шошимын. Жасы 20-дан асқан бозбалалардың анасындай, әпкесіндей әйелдерге жазып, ұсыныс айтуы көбейді. Ауырдың үсті, жеңілдің астымен жүруге қызығу қалыпты болып барады. Отбасынан құру үшін соңынан жүрмейтіні анық. Ондай жігіттерден жауапкершілік, ер азаматқа сай мінез көре аламыз ба”, - деп жауап берді.