Рахат Әлиев Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен ынтымақтастық мәселелері жөніндегі ҚР арнаулы өкілі болып тағайындалды

Осы жөніндегі бұйрыққа президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Р.Әлиев 2005-жылдың 8-шілдесінде ҚР СІМ-нің бірінші орынбасары болып тағайындалды. 2002-жылдың маусым айынан бері Р.Әлиев Қазақстан Республикасының Австриядағы, сондай-ақ, Сербия мен Черногориядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметтерімен қоса Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының жанындағы және Венада аккредитацияланған халықаралық ұйымдардың жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі болып істеді.