Рахат Әлиев өзіне тағылған айыпты абсурд деп санайды

"Мен үшін бұл істі қозғау мүлдем мағынасыз екендігі айқын",- деді Рахат Әлиев Би-би-сиге берген сұхбатында. "Мен барлық тергеу істері мен сұрақтарға жауап беруге дайынмын, бірақ мен үшін бұл жағдай ешқандай қисынға келмейді",- деп атап көрсетті дипломат.

Рахат Әлиев өзі акционері болып табылатын "Нұрбанк" банк басқармасының бұрынғы төрағасын іздеуге көмектесетін кез-келген ақпарат үшін сыйақы жариялағандығын еске сала кетті. "Әрине, мен де Темірәлиевтің табылғанын қалаймын",- деді Рахат Әлиев.

Би-би-си сондай-ақ "КТК" телеарнасы мен "Караван" апталығы... өз қызметін тоқтатты деп хабарлады. "Телеарна мен газеттің жабылуынан бір күн бұрын Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Рахат Әлиевті 2007 жылдың қаңтарында ... Әбілмәжін Гылымов пен Жолдас Темірәлиевті ұрлаған деп айыптай отырып, оның үстінен қылмыстық іс қозғаған",- деп хабарлайды Би-би-си.

"Қазақстан Республикасыныі Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінің бастығы Бағдат Қожахметовтың айтуынша, тексеру тікелей президент Назарбаевтың тапсырмасымен жүргізілуде",- делінген Би-Би-Си хабарында.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті