Рахат Әлиев Қазақстанның Австриядағы елшісі қызметінен босатылды

Мемлекет басшысының Өкімімен Рахат Мұхтарұлы Әлиев ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастық мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының арнаулы өкілі қызметінен босатылды.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Б.Мұхамеджанов "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 4-тармағын басшылыққа ала отырып және елдің Бас прокурорымен келісе отырып, Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілі, ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастық мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының арнаулы өкілі Рахат Мұхтарұлы Әлиевті қызметінен босату туралы Мемлекет басшысына ұсыныс жасады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті