Рахат Әлиев ұсталды


Рахат Әлиевтің тұтқындалғанын еліміздің Бас прокуратурасы ресми түрде растады. Ал Австриядағы экс-елшінің адвокаты Әлиевтің полицияға өз еркімен берілгенін және тергеуге көмектісі келетінін хабарлады. Кезінде лауазымды  қызметтер атқарған шенеунік  «Нұрбанк» топ-менеджерлері Жолдас Темірәлиевтің, Айбар Хасеновтің өліміне айыпты деп танылып  сыбайласы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Әлнұр Мұсаевпен бірге  40 жылға сырттай сотталған еді. Сондай-ақ, «қылмыстық топ құрды», «мемлекеттік төңкеріс жасауға тырысты», «сатқындық жасады» деген айыптар тағылғаны тағы бар. Кейін Әлиевтің  саясаткер Алтынбек Сәрсенбаев пен оның оққағары  және жүргізушісін де өлтіруге тапсырыс бергені мәлім болды.