Рахат Әлиевке халықаралық іздеу жарияланды - ҚР ІІМ

"Қазіргі жағдаймен прокуратураның санкциясымен оны тұтқындауға ұйғарылды. ҚР Бас прокурорының орынбасары басқарған тергеушілер тобы Венаға ұшып кетті",- деп хабарлады Б.Қожахметов.

Оның хабарлауынша, сондай-ақ, Қазақстанның тергеу органдары шетелдік әріптестеріне Рахат Әлиевке халықаралық іздеу жарияланғанын хабарлады. "Қызыл карточка" деп аталатын жүйе енгізілді, ондай жағдайда азамат еркін жүріп-тұра алмайды",- деді Б.Қожахметов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті