Рахат Әлиевтің мәйітін тексеру нәтижелері оның өз-өзіне қол салғанын растап берді – БАҚ


Тексеру нәтижелері оның өз-өзіне қол салғанын растап берді, деп хабарлайды Австрияның «ORF.at» телерадиокомпаниясы.

«Қазақстанның бұрынғы елшісі Рахат Әлиев Вена түрмесінде қайтыс болғаннан кейін оның мәйіті Швейцарияда қайтадан тексерілді. Тексеру нәтижелері оның өліміне үшінші адамдардың қатысы болмағанын растап берді. Бұл ақпарды Әлиевтің адвокаттары да растап отыр», - делінген хабарламада. Алайда, телеарна «түрме дәлізіндегі бейнебақылау камераларындағы жазбаларға негізделген техникалық сараптама қорытындысы әлі дайын еместігін» атап өтті.
Ақпарат құралдрының хабарлауынша, Р.Әлиев жексенбі күні Венада жерленді.