"Рахат" АҚ кондитерлік фабрикасы 2013 жылдың қаңтар-маусымында 460,937 млн теңге мөлшерде таза табыс алды, делінген компанияның халықаралық қаржылық есептеме бойынша шоғырланған қаржы есеп-қисабында.
"Рахат" компаниясының таза табысы 2012 жылдың қаңтар-маусымында 882,621 млн теңгені құрады. Осылайша, есепті кезеңде компанияның табысы 1,9 есе азайған.
Кондитерлік фабриканың бірінші жартыжылдықтағы табысы 3,3% - 13,859 млрд теңгеге артып, жалпы табысы 9,9%-ға, 2,457 млрд теңгеге дейін қысқарған, салық салғанға дейінгі табыс 1,9 есе, 596,409 млн теңгеге дейін қысқарған.
Компания активтері жыл басынан бері 1,2%-ға артып, 18,170 млрд теңгеге жетті, міндеттемелер 12,3%-ға төмендеп, 1,677 млрд теңгені құрады, жеке капитал 2,8%-ға артып, 16,493 млрд теңгені құрады, жеке капитал өзгеріссіз қалып 900 млн теңгені құрады.