Рахмет Мұқашев Конституциялық кеңестің мүшесі болып сайланды


"Оның заң қызметіндегі үлкен тәжірибесін ескеріп, кандидатурасын Конституциялық кеңес мүшесі болуға лайық деп санаймын" деген Тоқаев Мұқашев туралы.

Рахмет Мұқашев парламент мәжілісінің 2,4 және 5-шақырылымының депутаты, әділет вице-министрі (2005-2006), президенттің парламенттегі өкілдігінің жетекшісі (2006-2007) болып қызмет атқарған, мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа жөніндегі комитетінің төрағасы болған.