Рамазан айында интим өлеңдер шығарған ақын наразылық танытқандарға жауап берді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Төлжан Иманалының фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

"2 күн бойы 45+ темаға эротика жанрында өлеңдерді салдым. Біразыңыз оқып, ашық лайк басып, қорықпай пікір жаздыңыздар. Ал, біразыңыз жасырын оқып, ләззат алдыңыздар. Мейлі ғой, кім қалай оқыса да, кайф алса болды маған. Мақсатым сол болатын.

Мессенджеріме келген хабарламалардан, жалпы сол өлеңдердің астына жазылған кейбір адамдардың пікірлерінен түйгенім - қазақтарда секстің “С” деген әрпі де жоқ екен. Бізді әке-шешеміз күлге аунап туса, біз де күлге аунап туыппыз бала-шағамызды. Жаппай қазақ күлден пайда болған ғой, вопщым..

Жоқ дейм да, өлең шығарған біреу, оны парақшасына жазған екінші біреу, оны оқып ләззат алған үшінші біреу. Жоқ, міндетті түрде келіп, сол жерге тышып, сиіп кету керек та. Біраз адамды блокқа тығып, пікірлерін өшіріп отырдым. Қайтем аудиториямның ауа райын бұздырып. Жақсы болды қайта, біраз “достардан” тазаланып қалды парақшам. Сол қарқынмен үндемей, әрі фейк отырған 1000-ға жуық “достарға” саламалейкум дедім.

Негізі біраз ақындар эротикалық өлеңдерді жақсы жазады. Бірақ белгілі бір себеппен жариялауға ұялады. Мені батыл санаған соң маған жүгінді. Жарияладым. Кімнен, неден қорқып, ұялуым керек?! Дап-дардай 3 баласы бар қатынмын ғой мен. Давай, смелі жаза берем дедім, жаздым. Зато біразыңыз оқып, бір серпіліп қалдыңыздар. Иә ғой?!

Әттең тағы біраз “сочный” өлеңдер бар еді. Шығарсам ба, жоқ па деп күмәнданып отырғаным. Олар тіпті “бомба”. Оны жазсам, мені репрессияға ұшыратып, не жер аударып жібермейсіздер ме?!

Әйтпесе, біраз тынығып, кейінірек шығарайын ба?!", деп жазды. 

"Мен білуімше көп адам қарсы пікір жазған жоқ , ішінде бір екеуі болмаса , көп адам ләзат алып оқыды десем болады", "Жазбаларың аш өзекке түсіп кетті" , деп пікірлерін білдірді оқырмандар.