Рамазан айында жұмыс күні қысқарады

Бұл режим тек мемлекеттік секторда ғана емес, сонымен бірге, жекеменшік мекемелерде де жұмыс істейтіндерге қатысты. Еңбек ресурстарының федералды басқармасы Рамазанда жұмыс күнін қысқартуға байланысты тиісті пәрмен берді. Нақтырақ айтқанда, жарлыққа сәйкес қасиетті айда мемлекеттік сектордағылар таңғы сағат 9-дан түскі 14-ке дейін жұмыс істесе, ал жекеменшік мекемелердегілердің жұмыс уақыты кем дегенде екі сағатқа кемітілуі керек.

Айта кетерлігі, жұмыс күні қысқарғанымен жұмысшылар мен қызметкерлердің жалақасы сақталады әрі кемітілмейді.