Рамазан Кадыров денсаулығына байланысты қауесеттерге жауап берді


Бұл туралы ол  Telegram-арнасына видео жариялады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Рамазан Кадыровтың айтуынша, ол ауруханаға өзінің денсаулығына байланысты емес, ем алып жатқан ағасына Магомед Қадыров үшін барған. 

"Достар, бұл күндері біздің отбасымызды қымбатты Магомед Абдулхамидұлы Қадыров қатты алаңдатты. Аллаға Шүкір, қазір беті бері қарады. Мәскеуге жұмыс сапарым барысында орталық клиникалық ауруханаға да соға кеттім.Ол тіпті аурухана төсегінде жатып біздің үлкен отбасы мүшелеріне бұйрық беруде. Мен ағамды жігерлендіріп, анамның қолдау сөздерін жеткізіп, тезірек сауығып кетуін тіледім.  Мен сонымен бірге денсаулығымның жай-күйі туралы қауесеттерге де түсініктеме бере кетейін. Алла Тағалаға сансыз шүкірлер мен мақтаулар болсын, мен тірімін және аман-саумын, тіпіт ауру болған күннің өзінде, неге әбігерге түсуім керек екенін түсінбеймін?  Енді алдағы уақытта оқырмандар да қай БАҚ және қай адамдардың өтірік ақпарат беретінін біліп жүретін болды", – деп жазды Қадыров.