Расмуссен қырғи-қабақ соғыс болады дегенге сенбейді


НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен осылай деп мәлімдеді.

«Ол кезде идеологиялық қайшылық болатын. Қазіргі жағдай оған мүлде ұқсамайды, – деді А.Ф.Расмуссен. – Бүгінде Ресейдің әрекеттерін аз ғана мемлекеттер қолдап отыр және бұл КСРО жетекшілік еткен блокпен арадағы қырғи-қабақ соғыс заманынан өзгеше».