Расмуссен Ресейді Украинаның шығысындағы оқиғаларға араласпауға шақырды

«Украинаның шығысындағы оқиғалар қатты алаңдатып отыр. Ресейді араласпауға шақырамын», - деді А. Фог Расмуссен сейсенбі күні Парижде өткен семинарда.

«Украинаның шығысына қарай жасалған әрбір қадам жағдайды ушықтыра түседі», - деді альянс басшысы.

«Біз Ресейді Украинамен шекарада шоғырланған мыңдаған жауынгерін қайтарып, өзінің халықаралық міндеттемелерін құрметтеуге шақырамыз», - деді А. Фог Расмуссен.