«Растишка» йогуртын шығаратын компанияға 1,7 млн теңге айыппұл салынды

Бәсекелестікті қорғау агенттігінің сайтында жарияланған мәліметке сүйенсек, тексеру нәтижесінде «Danon Berkut» ЖШС-не қатысты әкімшілік іс қозғалып, оларға монополияға қарсы заңдарды бұзуды доғарып, кемшіліктерді жою туралы ескерту жасалған.

Әкімшілік хаттама Алматы қаласының ауданаралық мамандандырылған сотында қаралып, сот шешімі бойынша компанияға 1 млн 731 мың теңге айыппұл салу туралы шешім қабылданды.

«Айыппұл бюджетке төленіп, ескерту талаптары орындалды», - делінген хабарламада.