«Реал» «Баварияны» ойсырата жеңіп, финалға шықты

Мюнхенде өткен қос команданың жартылай финалдағы қарымта кездесуі «Реалдың» пайдасына 4:0-мен аяқталды. Мадридтік ойыншылардан кездесудің 16-шы және 20-шы минутында - Серхио Рамос, 34-ші және 90-шы минуттарында - Роналду дубль орындады. Осы кездесуде португалдық аяқдопшы 16-шы голын салып, турнирдің жаңа рекордын орнатты.

Осылайша, екі кездесу нәтижесі бойынша есеп 5:0-мен «Реалдың» пайдасына шешілді.  Бұдан бір апта бұрын Мадридте өткен алғашқы кездесуде «Бавария» 1:0-мен есе жіберген.

Лиссабондағы «Эштадиу да Луш» стадионында 24 мамырда өтетін финалдық ойында «Реал» лондондық «Челси» мен мадридтік «Атлетиконың» қай жеңгенімен бақ сынасады. Бұл командалардың алғашқы ойынында есеп ашылмай, матч тең аяқталған.