«Реал» чемпиондар лигасының финалына шықты

Еуропаның маңдай алды командалары жанкүйерлерге тартысты бәсеке сыйлайтынана көпшілік сенімді болған. Алайда матчтың 20-шы минутына дейін екі рет нәтижелі шабуыл ұйымдастырған қонақтар кездесу тағдырын шешіп тастады. Дубль авторы Серхио Рамос. Бірінші бұрыштамадан жеткен допты қақпада тулатқан ол, көп ұзамай “Бавария” қорғаушыларын тағыда сан соқтырды. Бірінші таймның соңына дейін Криштиану Роналду есепті 3:0 ге жеткізді. Үзілістен кейін алаң қожайындары қанша тырысқанымен Икер Кассильяс қақпасынан саңлау таба алған жоқ. Есесіне соңғы минутта Роналду биылғы чемпиондар лигасында өзінің 16-шы голын соғып сұрмергендер рекордын жаңартты. Ал бүгін біздің арнадан 00:45-те “Челси” мен “Атлетико” арасындағы матчты жіберіп алмаңыздар.   

 

Шайбалы хоккейден Италия мен Қазақстан  арасындағы жолдастық матч 3:1 есебімен аппениндік хоккейшілердің пайдасына шешілді. Бүгін екі команда өзара қайта кездеседі. Естеріңізге сала кетейік жоғары дивизиондағы командалар арасындағы әлем чемпионаты 9-шы мамыр күні Минскіде жалауын көтереді.

Ұлттық  баскетбол лигасында плей-офф аясындағы бірінші  раундтың ойындары жалғасуда.  Оклохома –Ситиде жергілікті гулливерлер «Мемфистен » жеңіліс тапты.Шиеленісті өткен кездесудің негізі уақытында  жеңімпазды анықтау мүмкін болмады. Таразы басы теңселген овертаймда бары-жоғы бір ұпай артық жинаған  қонақтар жеңісті жұлып кетті. Қорытынды есеп 99:100. Артта қалған бес кездесудің үшеуінде мерейі үстем болған «Мемфис»  жалпы есепте әзірге алда келеді. Осы күні «Вашингтон» сырт алаңда «Чикагодан»  басым түссе, «Клипперс»  «Голден Стэитке» дес бермеді.