Бүгін, 15 наурыз күні сағат 16:00-дегі жағдай бойынша Қазақстанда 8 миллионнан астам адам бюллетень алып үлгерген. Референдумда дауыс беру көрсеткіші бойынша Қызылорда облысы бірінші орынға шыққан, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
«Сағат 16.00-дегі жағдай бойынша республиканың 8 029 286 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енген азаматтардың 64,43% тең», - деп хабарлайды Орталық референдум комиссиясы.
Жалпы, сағат 16:00-дегі жағдайға сай, статистика мынандай:
«Сондай-ақ, Астана уақыты бойынша сағат 16.00-де Вашингтон, Нью-Йорк, Оттава қалаларында референдум учаскелері ашылған», - деп хабарлады ОРК өкілі.